«Кісі өлімі»: «Шымбұлақта» қар көшкіні жүрді

Алматыдағы «Шымбұлақ» шаңғы курортында, Комсомол шыңы маңында қар көшкіні жүріп, бір шаңғышы мерт болды, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.

Төтенше жағдай туралы ақпарат Алматы қаласының ТЖД «112» пультіне түскен.

Құтқарушылардың мәліметінше, үш шаңғышы сырғанағанда қар қабатын бұзып, көшкін басталып кеткен. Соның салдарынан үшеуі де қар астында қалған.

Екі адам өз күштерімен шығып үлгерді. Үшінші адамның мүрдесі қар астынан табылды.
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің кім екені анықталып жатыр.

Құтқарушылар таудағы көшкін қаупі бар екенін екенін ескертіп, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.