Bizim.Media ақпараттық агенттігі капитан Игорь Кшнякин Украинаға сапармен барған кезінде Харьковте Янамен танысқанын жазды. Ерлі-зайыптылар 20 жыл отасып, екі бала тәрбиелеп өсірді. Украина мен Ресей арасындағы соғыс олардың шаңырағын ортасына түсірді. Бұған дейін дүниежүзіндегі БАҚ өкілдері Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағын ресейлік «Панцирь-С» қорғаныс жүйесі атып түсіргенін жазған болатын.
«AZAL компаниясында үлкен қызым жұмыс істейді. Маған қаралы хабарды айтқан сол. Содан кейін не болғаны есімде жоқ. Мен күйеуімнің көрсеткен ерлігімен мақтанамын және өзімді тек сонымен жұбатамын», – деді Яна Кшнякина.

Оның айтуынша, капитан Игорь өз ісін қатты жақсы көрген. Ұшқыш ешқашан жұмысына шағымданбаған, өте мейірімді, жомарт адам болған. Ол жұбайының «Мен отбасымды қамтамасыз ете аламын» деп жиі айтатынын еске алды. Тіпті ұшу формасын киюдің өзі оған ерекше ләззат сыйлайтын. Бос уақытында тек авиация жайлы ақпарат іздеп, білімін үнемі толықтырып отыратын.
«Ол күн әдеттегі күндерден өзгеше болды. Игорь өзін өзгеше ұстады. Қайғылы оқиға болатынын сезгендей, кетер алдында маған: «Мен үйге оралмайтын шығармын. Бүгін қайтып келмесем, уайымдама. Бүгін ауа райы ерекше болып тұр. Егер бір өзгеріс болса, өзім хабарын беремін» деп қоштасты», – деді ол.







Post Comment