Марат Жыланбаев туралы фильм Алматыда көрсетілмейтін болды

Марат Жыланбаев туралы фильм Алматыда көрсетілмейтін болды. Марат Жыланбаев туралы фильмнің көрсетілмейтіні туралы Бақытжан Төреғожина Facebook-парақшасында жазды.

«Біз Қазақстанда көрсете алмағанымыз үшін фильмнің авторы Сәния Тойкеннен кешірім сұраймыз. Бірақ фильмді де, Марат Жыланбаевты да күні бойы үлкен экраннан да, теледидардан да көрсетіп қоятын шақтың туатынына сенемін. Фильмді көрсете алмадық. Бірақ алдағы уақытта бұл ниетімізден қайтпаймыз. Әділ, жақсы заманды күтеміз. Марат Жыланбаевқа бостандық!» деп жазды ол.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның сөзінше, соңғы рет келіскен орын «президент әкімшілігінен хабарласып, бас тартуды талап еткен».

Марат Жыланбаев — әлемдегі 4 шөлді кесіп өткен алғашқы әрі жалғыз марафоншы. Ол Азиядағы Қарақұм шөлінің 1200 шақырымын 20 күнде кесіп өтсе, дүниежүзіндегі ең үлкен шөл Сахараның 1700 шақырымын 24 күнде жүріп өткен. Сонымен қатар оның адвокаты бүгін аштық жариялағанын мәлімдеді.