2024 жылғы 30 қазанда Қаратөбе аудандық соты Е. есімді азаматқа отбасындағы тыныштықты бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, тұрғын үйде жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) ескерту жариялады, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданының прокуратурасы сот актісінің заңдылығын зерделеу барысында істі қарау кезінде бұл азаматтың бұған дейін де үйдің берекетін алып тұрғанын анықтады.
Аудандық прокуратура сот қаулысына апелляциялық өтінішхат келтіріп, қорытындысы бойынша заңсыз сот актісінің күші жойылды.
Ақыры 2024 жылдың 11 желтоқсанында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқықбұзушылықты жасағаны үшін E. азаматы Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы қолданылды.







Post Comment