Almaty Arena және Halyk Arena кешендері мемлекет меншігіне қайтарылды

Almaty Arena және Halyk Arena кешендері мемлекет меншігіне қайтарылды

2024 жылдан бастап ірі спорт нысандарын коммуналдық меншікке қайтару үрдісі басталды. Соның ішінде Almaty Arena және Halyk Arena кешендері де бар еді. 

«2024 жылдан бастап Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ірі спорт ғимараттарын қалалық балансқа қайтару басталғанын хабарлаймыз. Бұл бүкіл санаттағы спортшылар ареналарға тең дәрежеде келіп, жаттыға алады деген сөз. Нысандарды пайдалануға кешенді аудит жүргізілді және қазіргі уақытта спортшыларға, соның ішінде Михаил Шайдоровқа, спорт мектептерінің, секциялардың және ұлттық құраманың тәрбиеленушілерінің мұз айдынына кіруіне жағдай жасалды. Бұл тәсіл ел чемпиондарының жаңа буынын тәрбиелеуге көмектеседі», — деп хабарлады қала әкімдігі.